Димаш Құдайберген Қытайда ерекше марапатқа ие болды
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы Internet Bull Ears awards 2019 нұсқасы бойынша ең танымал шетелдік әртіс атанды. Әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қытай еліне марапат үшін үлкен рахмет. Үздік әртіс ретінде марапаттап жатқаны үшін ризамын. Жанкүйерлерге, ұйымдастырушыларға және менің қытайлық командама рахмет", - деп жазды ол парақшасында.
Марапаттау рәсімінде әртіс "Screaming" әнін орындады. Видео Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлерінің халықаралық қауымдастықтарында жарияланды.
Сонымен қатар, әртіс Қытай теледидарына арналған жаңа жылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған