Ең сұлу спортшы Сабина Алтынбекова өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты
Қазақстанның ең сұлу спортшы қызы Сабина Алтынбекова өзіне қандай жігіт ұнайтынын айтты. Жеке өмірі жайлы сыр ақтара бермейтін спортшы ер азаматқа қоятын талабын айтты.

Спортшы желідегі оқырмандарымен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап берді. Әр тақырыпта сауал қойған желі қолданушылары спортшыдан жеке өмірі жайлы да сұрады. Оқырмандар "сұлу қыздың жүрегін жаулатын жігіт қандай болу керек?" деп сұрады.
Сабина мұндай сұрақтарға жауап бергісі келмесе де, шет жағасын айтты. Жігітке қоятын басты талабын тізіп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы қыз адал, сүйгеніне адал, жауапкершілікті сезіне алатын, мақсаты айқын азаматты ер азамат ретінде көреді.
"Мен жігіттің бойынан адалдықты, жауапкершілікті көргім келеді. Белгілі бір мақсаты бар азаматтар ұнайды", - деп қысқа қайырды.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"