Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең қиыны – сүйе алу": Фариза Төреәлі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Танымал блогер Фариза Төреәлі сүйіктіңді кемшілігімен қабылдауға қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Желі жұлдызы сүйікті болудың сырларын бөлісті. 

“Сүйе алу. Сүйікті болғысы келеді әр адам. Сүйікті болу үшін де түрлі талап қоямыз ау… Сүймейді дейміз, ренжиміз, шарт көп, ыза тола, адамзатқа деген өкпеміз қара қазандай. Ішің қара түнек, тіпті қара түтіннен ештеңе көрінбестей сәттің өзінде лап еткізіп жарықты жағуға да болады. Ол жарық не? Ненің сәулесі, нендей нұр? Махаббат қой. Махаббаттың нұры кез келген түнекті тесіп шығар жарық! Сенің жүрегіңде махаббат барда бәрін жеңіп шыға аласың. Сүйікті болу оңай, ең қиыны – сүйе алу! Кіршіксіз сезіммен, таза көңілмен, шын ниетпен, ыстық ықыласпен, еш ережесіз сүю”, – деп жазды блогер. 



Сондай-ақ блогер сүйе алу көп адамның қолынан оңайлықпен келмейтінін айтты.

"Кіршіксіз нәрсені сүю – оп-оңай, ол кіршіксіз ғой, мін таппайсың. Ал адам ше? Кіршіксіз адам жоқ емес пе... Қиыны да сол – адамды қатесіне, сауабына қарамастан сүймек екен. Дәл қазір ой-елегінен көп өткізіп, амалға асыруға тырысып жүргенім де осы нәрсе –  адамның ішіндегі гауһар тасты ештеңеге қарамай көре алу, оны табу”, – ой тастады желі жұлдызы. 

Еске салайық, блогер ару 40 күн бойы әлеуметтік желіден алыстаған еді. 

Талқылау