"Ең қиын күндер әлі алда": Макрон Путинмен келіссөздерден кейін мәлімдеме жасады
Франция президенті Эммануэль Макрон Владимир Путинмен келіссөздерден кейін Украинадағы жағдай нашарлауы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

BFM арнасының мәліметінше, Француз лидері "пессимистік" көзқарас ұстанып отыр.
"Республика президенті Путиннің айтқандарының ешқайсысы үміт сыйлаған жоқ, ең қиын күндер әлі алда, себебі ол өз айтқанынан қайтпайды", — деді ол.
Бұған дейін Ресей мен Франция Президенттері Владимир Путин мен Эммануэль Макрон 3 наурызда бір жарым сағат бойы телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме аяқталғаннан кейін француз басшысы украиналық әріптесі Владимир Зеленскийге қоңырау шалды.
Бұған дейін Макрон халқына үндеу кезінде Франция Ресеймен соғыспайды деп мәлімдеді.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ