"Ең дәмдісін, ең тәттісін береміз": Фариза Төреәлі сегіз айлық қызына жан сырын ақтарды
Желі жұлдызы, блогер Фариза Төреәлі алғаш ана атанған сәтін есіне алып, қызына жан тебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Блогердің айтуынша, қызына сәби күнінен-ақ ең бағалы заттарды беруге тырысатын көрінеді.
“Сені қалай аңсағанымызды, күткенімізді, сен жайлы қанша дұға еткенімізді білсең ғой күнім.. Сен дүниеге келгелі өмірдің мәні кірді, тіпті күннің өзі басқаша жарқырап, самал желдің өзі өзгешерек есетін секілді. Күнде өзіңе айтатынымдай, бақыт деген – сен, махаббат деген – сен. Ақылдым.. бәрін түсінесің де сезесің білем. Раббымыздан берілген “аманатсың”. Сол үшін де әкең екеуміз саған ең жақсыны, ең тәттіні, ең құндыны беруге барымызды салып келеміз. Дәл қазір алдымда ұйқтап жатқаныңа қарап, қатты жақсы көргеннен көзіме еріксіз жас келіп жазып отырмын. Бір күні саған арнаған жазбаларымызды оқып саған деген кіршіксіз махаббатымызға тағы көз жеткізерсің...”, – деп жазды желі жұлдызы.
-
"Парижге жолдама": Фариза Төреәлі әкесінің туған күнінде ерекше жазба жариялады
-
"Оңай болмайтынын білмедім": Фариза Төреәлі ерте тұрмыс құруға қатысты ойын бөлісті
Сонымен қатар блогер сегіз айлық сәбиінің қандай қылықтар жасайтынын да жіпке тізді.
“Күлгенің біз үшін мереке. Назар аударту үшін өтірік жөтелетінің, есік қағылса елең етіп күтетінің, оянғанымызды күтіп гуілдеп отыруың, әкең екеумізді кезек-кезек құшақтауың, мен не жесем соны жемеске қоймауың, еркелігің, тәтті қылықтарың. Міне, біз үшін ең үлкен байлық – осы. Аман-сау өсе бер, ботам. Сен – жақұтсың!”, – деді блогер.
Еске салайық, "Ана атануға дайын болмадым" деп Фариза Төреәлі жүктілігі жайлы сөз қозғаған еді.