Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең бірінші ұсынысым – дәретхана ауыстыру": Қуаныш Бейсек "Қазақфильмдегі" алғашқы жұмыс күнін айтып берді

Жақында ғана “Қазақфильм” АҚ президентінің кеңесшісі болып тағайындалған Қуаныш Бейсек алғашқы жұмыс күнінің қалай өткенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Revue news бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kukabeisek/

Әңгіме барысында, режиссер қанша жалақы алатынын да жасырмады. Жаңа қызметінің міндеттерін айтты. 

“Ең бірінші ұсынысым – дәретхана жүйесін жөнге келтіру. 30 жыл бойы ақша бөлінбегендіктен, сапасы өте нашар. Жақын күндері соны алмастырамыз. Одан кейін жоспарымызда павильон, костюмдер, қазақи үйлер, кинотехника бар. Осының бәрін цифрландырамыз. Бұл жемқорлықтың алдын алады әрі жалға алуды жеңілдетеді”, – дейді су жаңа кеңесші. 



Сонымен қатар мекеме басшысы кеңесші болуға таңдалған жігіттерге сенім мол екенін айтады. 

“Мақсатымыз – "Қазақфильмнің" жаңа бағытын анықтау. Өйткені аталған студия соңғы жылдары көрерменінен ажырап қалды. Жастарға қуанғаным, Қуаныш Бейсек айлық сұрамады. "Қазақстандағы ең төменгі жалақы қанша, соны беріңіз, болды" деді. Қазақстандағы ең төменгі айлық – 85 мың теңге. Үшеуіне де бір сұрақты қойдым: "Қазақфильмге" жаның аши ма?" дедім. "Жанымыз ашиды" деді бірауыздан. Онда келіңдер деп айттым", – дейді Азамат Сатыбалды. 

Еске салайық, танымал өнер адамдары “Қазақфильм” киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалғанын жазған едік. 

Талқылау