Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елсіз аралда қалып қойған алты адам бөтелкедегі хаттың арқасында аман қалды

Бразилияда кеме апатқа ұшырап, алты адам елсіз аралда қалып қойған. 17 күн аралда болған адамдарды балықшылар бөтелкедегі хат арқылы тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Brazilian басылымына сілтеме жасап. 

арал

24 наурызда бортында алты адам бар кеме Бразилияның Сантарен қаласынан шыққан. Экипаж мүшелері 9 күнде шығыс жағалаудағы Шавис қаласына жетуді жоспарлаған. Үшінші күні кеме байланысқа шығуды доғарған. Кейін туыстары кеменің жоғалып кеткенін мәлімдеген. 

Анықталғандай, дауылға тап болған кеме апатқа ұшырап, өртеніп кеткен. Азық-түлік қорының басым бөлігі жойылғанымен, экипаж мүшелері елсіз аралға жүзіп жеткен. Жағалауға кеменің бөліктерін шығарып, екі аптадан астам уақыт өмір сүрген. 

Өздерін құтқарады деген үмітпен олар ең негізгі деректер жазылған хатты бөтелкеге салып, мұхитка лақтырған. 

"Көмектесіңздер, Бізге көмек керек, кемеміз өртеніп кетті, аралда 13 күн тамақсыз өмір сүріп жатырмыз. Отбасымызға хабар беріңдер, біз 6 адамбыз", - деп жазған олар.

Хатты тауып алған балықшылар бірден хабар беріп, болған жайды айтқан. Елсіз аралда қалғандарды құтқару үшін тікұшақ жіберген. 

Талқылау