Елордалықтар демалыс күндерін тағы да үйде өткізеді: Жаңа шектеулер енгізілді
Нұр-Сұлтанда алдағы демалыс күндері, яғни 27-28 маусымда бірқатар шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Профилактика шараларын өткізуге байланысты демалыс күндері (27-28 маусым) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 29 маусымда (дүйсенбі) оралады", - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. адам көп жиналатын орындар демалыс күндері жабық болады.
Сонымен қатар, 27-28 маусымда барлық сауда орталықтары, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді.
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің сөзінше, тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін.
"Өткен "карантиндік демалыс" сырқаттану деңгейін төмендетудің оң динамикасын көрсетті. Осы демалыс күндері – 27 және 28 маусымда біз "үйдегі демалыс" күнін енгіземіз. Қазіргі уақытта қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отыр. Демалыс күндері тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға баруды, медициналық қызмет алуды немесе рұқсат етілген жұмысқа баруды қоспағанда, үйлерінен шығуға тыйым салынады", – деді қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.
Сонымен қатар 27-28 маусымда дәріханалардың, көше форматындағы (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған нысандар қатаң санитария нормаларын сақтауы керек.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған