Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық құтқарушылар хоккей турниріндегі жеңісін Асқар Забикулинді еске алуға арнады (видео)

Елордалық ТЖД командасы хоккей турниріндегі жеңісінен кейін Асқар Забикулиннің формасын сүйіп, марқұм әріптестерін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Забикулин еске алу

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1-2 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құқық қорғау органдары арасында шайбалы хоккейден республикалық турнир өткен.

"Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, бірінші команданың пайдасына аяқталған СҚО ТЖД "Қорғау" және  "Арыстан" МҚКБ командаларының жекпе-жегінен басталды. Содан кейін Ақтөбе облысы ТЖД және Астана қаласы ТЖД командаларының матчы өтті, онда елордалық спортшылар жеңімпаз атанды.



БҚО ТЖД командасы мен "Арыстан" арасындағы хоккей кортындағы жарыс МҚКБ өкілдерінің жеңісімен аяқталды. Полиция департаментінің "Динамо" командасы мен Астана қаласы ТЖД өрт сөндірушілері арасындағы хоккей ойындары астаналықтардың жеңісімен аяқталса, ал СҚО ТЖД мен БҚО ТЖД командалары арасындағы ойында солтүстік қазақстандықтар жеңіске жетті. Турнирдің бірінші күні Ақтөбе облысы ТЖД және "Динамо" командаларының кездесуімен аяқталды, онда полиция департаментінің командасы жеңіске жетті", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Турнирдің алдында адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алған. Бірақ ең әсерлі сәт екі күнге созылған додадан кейін болды.

Жеңіске жетіп, кубокты алғаннан кейін Астана ТЖД командасының әрбір мүшесі киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, Забикулиннің формасын құшақтап, сүйеді. Жігіттер жеңісті марқұм жолдастарына арнаған.

Талқылау