Елордалық дәрігерлер жаңа конституциялық реформаны қолдады

Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы ұжымымен Жаңа Конституциялық реформаны түсіндіруге арналған бейресми кездесу өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс-шара барысында Негізгі заң жобасының денсаулық сақтау саласын дамытуға, азаматтардың денсаулығын қорғау кепілдіктерін күшейтуге және медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған нормалары кеңінен айтылды.
Кездесуде Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Орынбасаров сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің әлеуметтік маңызына тоқталды.
“Жаңа Конституциялық реформа ең алдымен адам құқығы мен өмір сапасын арттыруға бағытталған. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттің басты басымдығының бірі. Заңнамалық деңгейде кепілдіктерді күшейту медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын жаңа деңгейге көтереді”, – деді депутат.

Филиал өкілі Сұңқар Хангельдина медицина саласындағы жаңғырту үдерістерін атап өтті.
“Бүгінде заманауи технологиялар мен инновациялар денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Конституциялық реформалар осы бағыттағы жүйелі өзгерістерге құқықтық негіз қалыптастырады”, – деді ол.
Ұлттық нейрохирургия орталығы – халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін заманауи клиника. Орталықтың төсек-орын қоры 160 орынға арналған. Кездесу барысында дәрігерлер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Іс-шара ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтті.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты