Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер қайтыс болып кеткен науқасты тірі деп айтқан

Елордалық дәрігерлер көз жұмған науқасты байқамай, ауруханадан шығару туралы құжатқа қой қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Марқұм болып кеткен әйелді дәрігерлер үйіне қайтарып жібермекші болыпты. Бұл туралы бақилық әйелдің туысы "Nur Otan" партиясының қабылдауы кезінде айтты. Шұхрат Тәджіддинов есімді марқұмның жақыны ІІМ басшысына аталған жағдайды шешуге көмектесуін сұраған. Оның әділдік таба алмай жүргеніне 4 жылдай уақыт болған. Сөзінше, оның жарының әжесін жасанды тыныс алу аппаратынан туыстарының рұқсатынсыз өшіріп тастаған. Бұған қоса кейуананың денесін ауруханадан алып кетпекші болған ол мекемедегі дәрігерлер оның о дүниеге аттанғанын байқамай қалғандарына куә болыпты. Ең сорақысы, мамандар қарияға дұрыс диагноз қоймай оған онкологиялық дертке шалдыққан деп жазып беріпті. 

"Бізде дәрігерлердің әжеміздің ауруханада қайтыс болды деп айтып жатқандығы естілетін видео және аудиожазба да бар. Бірақ неге екені әжеміздің ауруханадан өзі кетіп қалды деген құжат жазып берді. Мен өзім оның денесін арнайы қара қапқа салып, алып шыққан болатынмын", - деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Шұхрат Тәджіддинов. 

Дегенмен ұзаққа созылған тексеріс жұмыстары еш нәтиже бермей, полиция қызметкерлері тергеуді тоқтатқан. Дәрігерлердің кінәсі анықталмапты. Ішкі істер министрі оқиға қайтадан қадағалаудан өтетіндігін мәлімдеді. 
 

Талқылау