AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада "Тәуелсіздікке 30 жыл" деген жазуы бар баған әйел мен жасөспірімнің үстіне құлап кетті

Qumash Telegram-арнаның жазуынша, оқиға кеше кешкі уақытта Нұр-Сұлтандағы пирамидада болған. Оқиға куәгері қондырғыны жел орнынан қозғалтып жібергенін, ол орнатылған жерден 10-15 метрдей жерге ұшып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

баннер астана 2022

33 жастағы әйелдің денесінің көп бөлігі сынған. Түнде оған ота жасалып, жансақтау бөлімінен политравматология бөліміне ауыстырылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем оқиға орнына үш минут ішінде жеткен.

"Бір ересек пен бір жасөспірім зардап шеккен, оларды толық тексеру үшін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Жедел жәрдем көлігінде оларға ауруханалардың арнайы мамандары барлық қажетті медициналық көмек көрсетті.
Зардап шеккен әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Әйелдің жағдайы тұрақты, науқас толық айыққанша стационарда болады және стационарлық ем алады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.



Жасөспірім қызды да мамандар тексерген. Қарау кезінде науқастың жағдайы орташа, еш асқынусыз болған. Дәрігерлер толық сараптама жүргізіп, одан кейін қыз амбулаторлық емдеуге жіберілді, деп қосты денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда тұрғын үй төбесіндегі металл конструкциясы құлап, әйел қаза тапқан еді. Металл конструкциясы 14 қабатты "Номад" тұрғын үй кешенінің төбесінен құлаған.

Тұрғын үй кешенінде орналасқан бизнес орталығының төбесінен күмбез тәрізді алып металл конструкция өтіп бара жатқан әйелдің қақ төбесінен құлап түскен. Әйелдің есімі Гауһар Ахметжанова, ол 56 жаста еді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр