"Елден қашпақ болған". Елордада Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды
Елордадағы №2 сотта Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор Альмира Қожахметованың айтуынша, Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің 389-бабының 3-бөлігі (өзінше билік ету), 389-баптың 4-бөлігі, 28-баптың 3-бөлігі және 125-баптың 2-бөлігі 1, 8-тармақтары (Адам ұрлау) бойынша айыпталуда.
Сот барысында айыпталушы адвокаты Әсел Рабатова Гүлмира Сатыбалдының 3 баласы, 5 немересі барын ескере отырып бұлтартпау шарасын үй жағдайына өзгертуді сұраған. Бірақ мемлекеттік айыптаушы айыпталушы ісінде елден қашуға әрекеттену жайы тіркелгенін ескеріп, өтінішті қанағаттандырмайтынына тоқталды.
Айта кетейік, Stan.kz бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға байланысты тергеу аяқталғанын жазған еді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды