Елордада базар өртенді
Нұр-Сұлтан қаласында базардан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2 сәуір күні сағат 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы 69 мекенжайында орналасқан Шапағат базарында өрт шықты. Өрт сөндірушілердің келуі бойынша алдын ала болжам бойынша 50 шаршы метр аумақта керамогранит астындағы жылытқыш пен жабыны өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат ішінде өрт орын алған жоқ", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
ТЖД-нің хабарлауынша, тілсіз жаудан зардап шегушілер және адам шығыны жоқ.
"Өрт орнында жедел штаб құрылды. Тілсіз жаумен күресу үшін қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 8 бірлік техникасы мен жеке құрамның 32 адамы жұмылдырылды. Өрт сағат 23:05-де ауыздықталды", - делінген хабарламада.

"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр