II Елизаветаның соңғы суретінен ерекше нәрсе байқалды
Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның соңғы фотосуреттерінде ерекше нәрселер байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsweek порталына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Лиз Трасспен кездесу кезінде түсірілген кадрларда патшайымның көңіл күйі жақсы болғанымен, оң қолы көгеріп кеткені байқалады.
Бұл туралы тележүргізуші Аманда Фергюсон тамырға ине еккеннен пайда болуы мүмкін деп болжады.
"Патшайымның оң қолы көгерген бе? Мүмкін, тамырға егетін ине тамшыларынан шығар?" – деп жазды ол Twitter-де.
Өзіне Карл III есімін таңдап алған: Ұлыбританияның жаңа патшасы кім болды?
II Елизаветаның қайтыс болғаны 8 қыркүйекте белгілі болды. Таңертең Букингем сарайы патшайымның денсаулығы нашарлағандықтан, медициналық бақылауда екенін хабарлады. Патшайымның соңғы күндері Балморалда өтті.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған