Елисей сарайында Тоқаев пен Макрон қазақ тазыларымен бірге серуендеді
Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/bort_01
Президент Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды. Борт №1 Telegram-арнасының мәліметінше, Елисей сарайының бағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон бейресми әңгіме өткізіп, Тоқаев Франция президентіне сыйға тартқан тазы иттерімен серуендеген.
“Мемлекеттер басшылары серуенге Жюль және Жанна атты тазыларды ертіп шықты. Бұл асыл тұқымды тазыларды былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің Қазақстанға жасаған сапары кезінде сыйға тартқан болатын”, – делінген жазбада.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барғаны туралы жазған едік.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда