"Еліне кетсін!": Меруерт Түсіпбаева желіде бейәдеп сөз айтқан Мадленге шүйлікті
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева блогер Мадленді жазалауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшалардан алынды
Өнер иесі Талғар ісіне қатысты пікір білдірген желі жұлдыздарына ашуланды.
“Бұлар жұлдыз емес, бұлар – пенделер! Жұлдыздар аспанда болады. Мынау Мадлен деген көргенсіз еліне кетсін, сонда боқтасын!! Кім бұл, Мадлен? Жазалау керек" – деп жазды мәдениет қайраткері.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогерлердің парақшасын жауып тастауды ұсынды.
“Мадлен өзбек екен, еліне депорт жасау керек", “Қазақтың жері жақсы, наны тәтті де, басына іс түскенде қашып шығасыңдар!", "Мадленге шағым түсіріп, боқтағаны үшін блокқа жіберу керек", "Ойпырмай, мынаның аузы ырбиып, ақ ит кіріп, көк ит шығады!" – деп жазды желі қолданушылары.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген