"Еліміздің патриоттары қайда?": Қостанайлық қыз қазақстандықтарға үндеу жасады
Қостанай қаласының тұрғыны қазақстандықтарға өрттен зардап шеккендерге көмек сұрап, видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Аdyrna порталына сілтеме жасап.

Ару елде осындай қайғылы жағдай орын ала тұра Украинаға көбірек көмек беріп, алаңдайтындарға наразылығын білдірді.
"Шетелді айтып шырылдап жаны ашитын жұрт қайда? Терісіне сыймай жүретін патриоттар қайда? Бай-бағылан қайда? Сырттағы елге жаны ашығансып, әлеуметтік желіден шықпайтындар қайда? Мен қалталы азамат Марғұлан Сейсембайға сөз арнағым келеді. Қаншама отбасы үйсіз қалды. Өртеніп кетті. Біздің облысқа жүк көліктерімен азық-түлік, көмек жіберіңіздер!" — дейді үндеу тастаған қостанайлық қыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар