Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің "қызыл" аймақтағы өңірлерінде демалыс күнгі локдаун сақталатын болды

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде бағалау матрицасы бойынша “қызыл” аймақтағы өңірлерде демалыс күнгі локдаун сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, демалыс күнгі шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін аса маңызды. 

“Республикадағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және коронавирус бойынша өлім-жітім мен аурудың таралуын азайту мақсатында “қызыл” және “қою қызыл” аймақтағы өңірлерде демалыс күнгі локдаунды қалдыруды ұсынамын. Сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысын күшейту, халық арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын кеңейту және вакцинациялау қарқынын жоғарлату қажет. Кәсіпкерлердің өтініштерін ескере келе, “Ashyq” жүйесіндегі көшбасшыларды іріктеуге түзетулер енгізу керек", – деді министр. 

Өз кезегінде Цойдың бұл ұсынысын үкімет басшысы Асқар Мамин мақұлдады. 

Айта кетсек, қазіргі таңда Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығы “қызыл” және “қою қызыл” аймақта тұр. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы демалыс күнгі шектеу шараларын жаздың соңына дейін ұзартқан болатын. 

 


Бекшин Алматыда енгізілген жаңа шектеу шараларын түсіндірді

Талқылау