Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің Израильдегі елшілігі қарулы қақтығысқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

7 қазанда еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады. Онда "жедел желі" нөмірлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Facebook-те жарияланған елшіліктің үндеуінде қазақстандықтардан қауіпсіздік шараларын сақтау талап етілді.

"Қауіпсіздік саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі барлық қазақстандық азаматтарға тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіз жерлерде қалуға және ресми билік хабарлағанға дейін оларды тастап кетпеуге қатаң кеңес береді", – деп мәлімдеді Қазақстанның Израильдегі елшілігі.

Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстанның Израильдегі елшілігімен осы номірлер арқылы байланысуға болады:

+972 (3) 741 78 05 (кезекші), +972 55 273 38 13 (мобильді, whatsapp), +7 700 111 31 96 (whatsapp).  

Газа секторынан содырлардың шабуылдары мен зымырандық соққыларға жауап ретінде Израиль Қарулы Күштері дайындыққа көшті. Тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana билет сатуды уақытша тоқтатқан еді. 

Талқылау