Еліміздің бас санитар дәрігері: Менің жалақым өскен жоқ
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова эпидемиялогиялық ахуал жағдайында жалақысының көтерілмегені жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас мемлекеттік санитар дәрігерге қазіргі еліміздегі эпидемиялогиялық ахуал кезінде жалақыңыз өсті ме деген сұрақ қойылыпты.
"Менің еңбекақым сол күйі өзгермеді", - деп жауап берді Есмағамбетова.
Сондай-ақ ол елімізде коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген барлық дәрігерлер үстемақыға ие болып үлгергенін атап өтті.
Еске салайық, мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл шараларға бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінген.
Үстемақы көлемі 200-800 мың аралығын құраған. Орташа түрде бір ақ халаттыға 300-320 мың теңге төленген. Коронавирусқа шалдыққандарды емдеп жүрген дәрігерлер тамыз айына дейін үстемақыға ие болады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі