Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еліміздегі өзгеріс атамыз "кеткенде" болады": Айқын Төлепберген АҚШ-тағы президент сайлауында кім жеңетінін болжады

Отандық эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген болашақ АҚШ президентінің кім болатынына алаңдайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетейік, CNN және Associated Press агенттігінің есептеулеріне сәйкес АҚШ вице-президенті Камала Харрис партияның президенттігіне кандидатураға дауыс беретін демократиялық делегаттар арасында жеткілікті қолдауға ие болды.

“Естідіңіздер ме, Джо Байден президент сайлауынан бас тартты. Демократтардың атынан президенттікке елдің қазіргі вице-президенті Камала Харрис ұсынылады. Сол қыз ұтады. Себебі, ол – азиат. Барлық азиаттар оған дауыс береді. Оған қоса ол – әйел. Барлық қыз-келіншектің дауысы да соныкі. Тәжірибесі көп заңгер. АҚШ-та тұңғыш рет әйел президент болғалы жатыр. Қаранәсілді адам болғанда Америкадағы бүкіл қаранәсілділер соған дауыс берді. Мен әйелдің президент болғанын қолдаймын. Тарихта да қаншама әйелдер ел басқарған. Томирис пен Элизаветта бар. Мен осы қыздың ұтатынына бәс тігемін. Бұл әйел Байденнің оң қолы, яғни вице президент. Онсыз да, бүкіл жұмысты осы Камала атқарған негізі. Байден, жәй "протокольный адам" болған. Сондықтан, жыртады", – деді әнші.



Одан кейін желі қолданушылары әншіден еліміздің болашағы қалай болатынын сұрады. 

“Қазақстанда үлген өзгерістер, атамыз "кеткенде" болады. Көп актив, НӘН фондына тиесілі, мемлекетке қайтарылады. Тоқаев қазіргі ішкі және сыртқы жағдайға байланысты ең лайық президент”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамптың қауіпсіздігі күшейтілгенін жазған едік. Себебі оған сенбі күнгі қастандық әрекетінен бөлек, бірнеше апта бұрын Иран тағы бір қастандық әрекетін жасамақ болған.

 
@aikyn_tolepbergen

 

♬ оригинальный звук - Aikyn
Талқылау