Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі қай облыс тұрғындарының шетелдіктермен көбірек үйленетіні белгілі болды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтар мен шетелдіктердің некелесуіне қатысты статистикалық мәліметтерді жария етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170214093118

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 2154 қазақстандық қыз бен 3112 қазақстандық жігіттер шетелдіктермен некелескен. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары шетелдіктермен жұп құрау жағынан алда тұр: 658 адам. Сондай жұптардың бірі түркістандық Құлсановтар. Қайрат пен Муниса 2014 жылы танысыпты. Қыз Түркістанға Қ.А.Яассауи атындағы қазақ-түрік университетіне түсу үшін келген екен. Бизнеспен айналысып жүрген Қайрат Тәжікстаннан келген арумен танысады.

“Біз танысқан соң екі жылдан кейін үйлендік. Той Түркістанда және Душанбеде өтті. Қазақтар мен тәжіктер кейбір дәстүрлер тұрғысынан өте ұқсас халықтар”, – дейді Муниса.

Қазір ерлі-зайыптылар Түркістанда тұрып жатыр.

“Мен түрлі тамақтарды дайындағанды жақсы көремін. Бауырсақ, ет тамағы, тәжік палауы, шехлет пісіремін. Оқуымды аяқтаған соң уақытымды толықтай отбасым мен балаларыма арнаймын”, – дейді келіншек.

Сонымен қатар, шетелдіктермен некелесу бойынша Алматы мен Астана да көш бастайды. Мәселен, алматылық Жанна Байзрахманова латвиялық Мартин Бриедиспен көңіл қосқан.

20170214092858

“Мартинмен интернет арқылы танысып, кейін екеуміз Лондонда кездестік. Басында ол шетелдік болғандықтан уайымдағаным рас. Алайда ол менің ата-анаммен тез тіл табысып кетті”, – дейді Жанна.

Оқи отырыңыз:

Алматыда сексенге жақындаған ғашықтар үйленіп, тойларын дүркіретіп атап өтті (фото)

Әйелін ұрып-соққан еркектер шетінен түрмеге тоғытылуы мүмкін

Күйеуінің көңілдес әйелге барып жүргенін келіншек Uber қосымшасы арқылы біліп қойды

Талқылау