Қазақстанда енді жол апаты орын алғанда жүргізушілер полиция шақырмай-ақ оқиғаны онлайн тіркеп өтемақы ала алады
Қазақстанда жол қозғалысының жаңа ережелері енгізіледі. Енді жүргізушілер жол-көлік оқиғасын полиция шақырмай-ақ онлайн тіркеп, сақтандыру компанияларынан қаржылай өтемақы ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі жариялаған жол қозғалысының жаңа ережелеріне сәйкес 1 қаңтардан бастап тұрғындар жол-көлік оқиғасын онлайн тіркей алады. Бұл үшін арнайы мобильді қосымшаны жүктеуі қажет.
"Егер екі адам келіссе, полиция шақырып не керек? Бірақ "жарайды, істеп беремін" деп, кейін қашып кететіндер болады, ол кезде қиын”, – деді жүргізуші Бақтияр Атамұратов.
Апатты онлайн тіркеу үшін қатысушылардың сақтандыру полисі жарамды болуы қажет және апаттан зардап шеккендер болмауы керек. Осылайша тәртіп бұзған жүргізуші полиция шақырмай-ақ айыппұлдан құтылады.
"Олар бұл қосымшаға онлайн кіріп, сол жерде болған апаттың суреттерін жіберіп, тіркейді. Сақтандыру агенттеріне осы ақпарат беріліп, олар белгілі бір жүргізушіге келтірілген шығынды төлейді”, – деді ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Бұрылу кезінде жүргізушілерден қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа қатысушыларға кедергі жасамау талап етіледі. Бұрылған жағдайда көлік қарсы бетте келе жатқан көліктің жағына өтіп кетпеуі қажет. Бірақ сарапшылардың пікірінше, заңдағы мұндай кішігірім өзгертулер жалпы жолдағы жағдайды өзгертуге көмектеспейді. Қазақстанға кешенді құқықтық реформа қажет.
"Бізге жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кеңесті жинап, жол қозғалысына қатысты әрбір мәселені түбегейлі қайта қарау керек. Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заңға жаһандық жаңғырту қажет”, – деді жол қозғалысы қауіпсіздігі бірлестігінің басшысы Әрсен Шақуов.
Жаяу жүргіншілерге арналған қосымшалар да бар. Бағдаршамның жасыл шамы жанса да, адамдар қозғалысын аяқтап жатқан көліктерге жол беруі керек. Бұл кептелістің пайда болуына жол бермейді.