Қазақстанда жылына бір рет шипажайға жолдама кімдерге беріледі
Әкімдіктер шипажайларға тегін жолдама береді. Алайда әр өңірде жолдаманы алудың тәртібі мен талабы әртүрлі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органдар жылына бір рет берілетін тегін жолдамамен шипажайға кімдердің баратынын айтты.
Алматыда шипажайға жолдамалар:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
- І топтағы мүгедектерге;
- І топтағы мүгедектерді шипадайда ертіп жүретін адамдарға;
- Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақатынан қаза тапқандардың жұбайына.
Егер адам түрлі себеппен шипажайға бара алмаса, жолдаманы әкімдікке қайтаруға міндетті. Бару уақытын емделуші өзі белгілейді. Жолдама жылына бір рет 12 күнге дейінгі мерзімге беріледі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан