Елімізде жиі пара алатын министрліктер тізімі жарияланды
Қазақстанда жемқорлық азаймай тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің берген ақпаратына сай, биыл 7 айдың ішінде 541 адам осындай қылмыс ісі үшін сотталған.

Көш басында ішкі істер министрлігі тұр. 151 қызметкері пара алып қолға түсті. Көбіне жол патрульді полициясының маманы жол ережесін бұзғандарға әкімшілік жаза қолданбағаны, жалған жүргізші куәлігін бергені үшін бармақбастылыққа барған. Екінші орында қаржы министрлігі, одан соң ауыл шаруашылығы, қорғаныс және денсаулық сақтау министрлігі тұр.
Күні кеше қазақстандық БАҚ Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы хабарлады.
Елордада қорғаныс министрлігінің генерал-майоры сотталып жатыр. Әскери шенеунік пара алды деп айыпталуда. Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен үстінен қылмыстық іс қозғалды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған