AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде утильдік алымның жаңа мөлшерлемесі келесі аптада бекітіледі

Утилизациялық алымның жаңа тарифі келесі аптада бекітіледі. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

утилизация 22

"Келесі аптада бұйрықты бекітеміз. Содан бастап тарифтер 50 пайызға төмендейді", – деді Брекешев.

Айта кетері, Қазақстанда автокөліктің барлық түрі және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша утилизациялық алым мөлшерін екі есе қысқартуға шешім қабылданған болатын.

Жеңіл көліктерге арналған утилизациялық алым (қозғалтқыштың көлеміне қарай): 1 мың см³-ге дейін – 229 725 теңге (бұған дейін 459 450 теңге болған); 1 001-ден 2 000 см³-ге дейін – 536 025 теңге (бұған дейін 1 072 050 теңге болған); 2 001-ден 3 000 см³-ге дейін – 765 750 теңге (бұған дейін 1 531 500 теңге болған); 3 001 см³-ден жоғары – 1 761 225 теңге (бұған дейін 3 522 450 теңге болған).

Ал электр қозғалтқыш орнатылған көліктерге (гибридтік көліктерден басқа) утилизациялық алым салынбайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр