AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда соңғы қоңырау ұйымдастыруға рұқсат берілді: 2021 жылы іс-шара қалай өтеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті карантин кезінде соңғы қоңырау мен аттестаттарды тапсыру салтанатын өткізу талаптарын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Министрлік ақпаратына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қабылданған шектеу шаралары (қауіп-қатер аймағына қарамастан) кезінде жалпы білім беретін мектептерде соңғы қоңырау және аттестаттарды тапсыру салтанатын өткізу тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі", - делінген министрліктің хабарламасында.

9, 11-інші (12) сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаттары (соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру) тек ашық алаңда өткізіледі. Бұдан басқа ешқандай шаралардың өткізілуіне рұқсат берілмейді.



Салтанатты шара басталмас бұрын мектеп алаңын тазалап, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету қажет. Шараға мектеп түлектерінен басқа олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының (әр түлектің) бір өкілі, сондай-ақ мектеп оқытушылары құрамынан артық дегенде 6 адам қатыса алады.

Карантиндегі азаматтардың (КВИ-ға шалдыққан науқаспен жақын байланыстағы адам, КВИ-ға шалдыққан науқас) аталмыш шараға қатысуына тыйым салынады.

Сонымен қатар, мектеп аумағында адамдардың, қонақтардың (ата-аналар, жақын туыстар, қамқоршылар және т.б) жиналуына жол берілмейді.

Салтанатты шараның кезең-кезеңімен өткізіледі. Яғни, мектеп аумағындағы шара тек бір сынып түлектері үшін өткізіледі. Шараның ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Әр сынып үшін өткізілетін салтанатты шаралардың аралығы 30 минуттан кем болмауы керек.

Соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру кезінде қол алысуға тыйым салынады. Шараға қатысушылар бетпердені киіп, 2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Салтанатты шараларға қатысатын педагогикалық ұжым, оқушылар жеке антисептикалық құралдарын қолданғаны жөн.

Соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру салтанаты аяқталған соң көшеде, қоғамдық тамақтану орындарында (мейрамхана, дәмхана және т.б.) бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады. Бұдан бөлек, соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру салтанаты аяқталған соң дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, мектеп ғимараттарында ылғалды тазалау шараларын жүргізу қажет.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр