Білім министрі соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты
Қазақстанда 9 және 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мектепте өткізілетін болды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"25 мамырда осы уақытқа дейін оффлайн оқып келген 9 және 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұған қоса, 25 мамырға, соңғы қоңырауға, аттестация табыстауға бағытталған барлдық іс-шаралар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі", - деді министр.
Ведомство басшысы мектеп директорларына, білім беру бөлімдері мен басқарма басшысыларына білім ошақтарындағы шараларды қауіпсіз түрде өткізуді тапсырды.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді