Елімізде шетелдіктермен некеге тұрғандарға салық салу ұсынылды
Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, президенттікке экс-кандидат Қарақат Әбден елімізде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол осы мәселе бойынша журналистердің қойған сауалына жауап бере отырып, ұсынысты қолдау үшін жұмыс істейтінін айтты.
"Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын.Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын" – деді Әбден.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған