Елімізде пәтерді жалға алу бағасы көтерілді
Қазақстанда жалдамалы баспана құны өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Сарапшылар пікірінше, бұл маусымдық құбылыс. Krisha.kz порталының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда, жалдамалы баспана құны орташа есеппен 3,6% өскен. Әсіресе, ірі мегаполистер мен еліміздің батысында қымбатшылық байқалады.
Оралда пәтерді жалға алу құны бірден 10% өссе, Алматы мен Ақтауда 7%, Ақтөбе, Көкшетау мен Қонаевта 5% қымбаттаған. Ал Павлодар, Өскемен, Петропавлда керісінше баға түскен.
- Жалдамалы баспана құны- 3,6 %
- Оралда – 10 %
- Алматы – 7 %
- Ақтау – 7 %
- Ақтөбе – 5 %
- Көкшетау – 5 %
- Қонаев – 5 %
- Павлодар – 1 %
- Өскемен – 1 %
- Петропавл – 5 %.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды