Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мектептегі кейбір пәндердің оқу бағдарламасы өзгертіледі

Оқу-ағарту министрінің 2023 жылы 5 шілдедегі бұйрығымен орыс тілі және басқа да бірқатар пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақ мектептерінде бастауыш білім беру сыныптарына арналған "Орыс тілі" пәні бойынша, 3-4 сыныптарына арналған “Ағылшын тілі", Неміс тілі”, “Француз тілі” оқу пәні бойынша; бастауыш сыныптарына "бейнелеу өнері" "еңбекке баулу" және "көркем еңбек" пәні бойынша оқу бағдарламалары баяндалған.

"Орыс тілі" және француз тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2-3-4 сыныптарда аптасына 2 сағат, оқу жылына 72 сағат.

"Цифрлық сауаттылық" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта-ІІ жартыжылдықтан бастап аптасына 1 сағат, оқу жылында 19 сағат;
2-3-4 сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.

"Бейнелеу өнері" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағат;
2-3-4 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.

Талқылау