Елімізде ең көп қолдан жасалатын банкнот анықталды
Елімізде ең көп қолдан жасалатын банкноттың 2 мың теңгеліктер екені анықталды. Өткен жылы қолдан жасалған ақшаның 65 пайызы дәл осы купюра болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Мәселен соңғы бір жыл ішінде 519 дана жалған ақша шығарылған. Оның 340-ы 2 мың теңгеліктер. Одан кейінгі кезекте 5 мың теңгеліктер, барлығы 94 дана жасалған. Сонымен қатар 7 дана 10 000 теңгелік қолдан жасалған купюра айналымға енген.
2021 жылы жасалған жалған ақшалардың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асқан. Қолдан жасалған теңгелер Нұр-Сұлтан, мен Алматы қалаларында көп анықталған. Ал Шығыс Қазақстан облысында 26 жалған банкнот тіркеліпті.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен жалған доллардың ірі сомасын отқа жаққан еді. Бағалы қағаздар 2020 жылдың қыркүйегінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде табылған.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып