Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүздеген мың "долларды" жағып жіберді (видео)

Алматыда қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен жалған доллардың ірі сомасын жойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бағалы қағаздар 2020 жылдың қыркүйегінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде табылған. 

Жалған ақша жасауға қарсы тұру — Қаржылық мониторинг агенттігінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта жедел іздестіру іс-шараларын жүргізе отырып, агенттік өкілдері жалпы мөлшері 975 мыңнан астам 100 долларлық жалған шет ел валютасын тәркіледі. Заңсыз айналымнан алынған қаржы толықтай өртелді.

Агенттік мәліметінше, алғаш жедел іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың долларды өткізу әрекеті кезінде ұсталған.

“Күдікті 100 АҚШ доллары болатын жалған шет ел валютасын бірнеше рет сатқан. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді”, — делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратында.

Ал Т. Қалиев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Талқылау