Елімізде донорға зәру науқастардың 70%-ы кезегі жетпей, қаза табады
Елімізде жүрек донорын күткен науқастардың 70 пайызы кезегі жетпей өмірден өтеді. Дәрігерлер бұл мәселені тез арада шешу қажет деп дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 147 адамның жүрегін ауыстыру қажет. Заң бойынша азамат тірі кезінде өзінің жүрегін басқа адамға салуға рұқсат бермесе, кез келген адамның ағзасын алуға болмайды. Ал дамыған елдерде ағза трансплантациясы еш кедергісіз жасалады. Сол үшін отандық мамандар шетелдің тәжірибелеріне сүйеніп, елімізде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты заңға өзгеріс енгізуді талап етеді.
Мамандардың айтуынша, бұл мәселені қоғамдық талқыға салу керек. Себебі бір ғана донор арқылы төрт-бес адамның өмірін аман алып қалуға болады.
Дәрігерлер қайтыс болған адамның ағзасын алу жеңілдесе, донорға мұқтаж жандар саны да азаятынына сенімді. Қазір елде бауыр және бүйрек ауыстыруға 4000 адам зәру.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы