Елімізде доллар 9 теңгеге арзандады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 9,07 теңгеге төмендеп, 427,80 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 мамырдағы доллардың ресми бағамы 436,85 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 431,13 теңге, сату – 436,63 теңге.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,24 теңгеден сатып алынып, 435,00 теңгеден сатылуда.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар