Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда депутаттардың жалақысы көтерілді

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы шешім төрт жыл бұрын қабылданған еді.

12172264

Фото: Асем Миржекеева

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко Қазақстан парламенті депутаттарының жалақысының өсуі туралы тілшілерге түсіндіріп берді. Осы демалыста БАҚ-да белгілі болғандай, 2017 жылы 1 наурыздан бастап қазақстандық депутаттардың жалақысы, кейбір деректер бойынша, 30%-дан 50%-ға дейін өсірілді.

“Саяси қызметкерлер арасында соңғы рет біздің кезімізде жалақы өсіріліп отыр. Бұл шешім төрт жыл бұрын қабылданған еді. Себебі әуелі министрліктер мен ведомстволарда өсірілді, содан кейін арада төрт жыл өткен соң, бізге де кезек келді”, — деді Божко мәжілістегі үкімет сағатынан кейін тілшілерге.

“Барлық саяси қызметкерлер бірдей жалақы алуы тиіс. Депутаттар да саяси қызметкерлер. Сол себепті, бұл шешімді дұрыс деп санаймын және шешім қабылданғаннан кейін міндетті түрде орындалуы тиіс”, — деді вице-спикер.

Жіберіп алмаңыз:

«Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» компанияларының акциясы сатылмақ

Өзгелерді террорлық ұйымға тартқан 6 теміртаулық азамат іздестіріліп жатыр (фото)

Шымкенттік шенеуніктер вице-министрдің баяндамасын тыңдамай ұйықтап қалды (фото)

Талқылау