Елімізде бизнесін дамыту үшін жастарға 11,5 миллиард теңге жеңілдетілген несие берілген
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл 10 тамызда 5,3 мыңнан астам өтінім келіп түскен, 3 344 жоба мақұлданды. 2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге жеңілдетілген несиелер берілді. Қалғандары – қаржыландыру сатысында.
Жеңілдетілген несие алушылар арасында мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлер басым. Несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге беріледі.
2023 жылы 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарлануда.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған