Елімізде биыл көкжөтелден екінші бала көз жұмды
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекциядан биылдыққа екінші бала көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған.
"Биыл көкжөтелден екі бала көз жұмды, біреуі Қарағанды облысында, ал екіншісі Ұлытауда. Ал олардың екеуі де екпе салатын жасқа жетпеген”, – деп мәлімдеді Айжан Есмағамбетова.
Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін айтты. Сөздерінше, ауырған 10 адамның төртеуі одан өлуі мүмкін.
Қазір Қазақстанда ай сайын көкжөтелді 350-ден 400-ге дейін адам жұқтырып жатыр. Науқастардың 90%-ға жуығы екпе алмаған.
Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елдің бас дәрігері көкжөтелге қарсы француз вакцинасы тиімді дейді.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында көкжөтелден бір бала көз жұмғаны айтылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"