Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бетін тұмшалап жүргендерге 200 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Беттерін тұмшалап, ниқаб пен пәренже киіп жүргендер енді 200 мың теңгеден астам айыппұл арқалауы мүмкін. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жүзін жабатын киімдерге тыйым салатын заң жобасын қыркүйекте парламентке таныстырмақ.

unnamed

Жаңа құжатта баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарды да жауапқа тарту қарастырылған. Бұл тыйымға дінтанушылар қалай қарайды? Жаңа заңға қарапайым халықтың пікірі қандай? Гүлбану Әниятқызы жауап іздеп көрді, деп хабарлайды 31 арна.

Қауға сақал қойып, қара жамылғы жапқандар дауына нүкте қоюға президенттің өзі тапсырма бергеннен кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мүфтиятпен бірге іске кірісіп кеткен еді. Көп күттірмей әзірлеген заң жобасында бірқатар тыйымдар қарастырылған. Ең бастысы, енді қоғамдық орында бет аузын тұмшалап, қара жамылып жүретіндер заңмен қудаланып, 200 мың теңгеден аса айыппұл төлейді. Алайда, министр мұны хиджабпен шатастыруға болмайды дейді.

“Хиджаб мүлдем талқыланбайды. Өйткені, хиджаб бетін жаппайтын киім. Хиджабқа қарсы ешкім ештеңе демейді. Хиджабты паранжамен шатастыруға болмайды”, – дейді  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министр, президент айтқан қауға сақал мен қысқа балаққа қатысты тіс жармады, жобаны мүфтиятпен, дінтанушылармен бірігіп талқылау үстіндеміз деп құтылды. Ал, заң жобасында баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға да жаза қарастырылған. Мұндай норма енгізуге былтырғы жылдың өзінде елімізде 10 мыңға жуық отбасының діни ұстанымдарын алға тартып, вакцина алуға қарсы шығуы себеп болыпты. Енді екпеден бас тартқандар 20 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Дінтанушылар мұндай тыйымдар қазіргі қоғамда қатты қажет, заңды қатайтуға мәжбүрміз деп отыр.

“Соңғы кезде осы өзіңнің болмысыңыды екінші орынға ысырып қойып, тек қана шариғаттың өлшемдерімен діни атрибуттарды таңып жатқандар бар. Біз соған қарсымыз. Дінді ұстайсың ба, өз еркің. Ешқашан Алланың жолында жүрмін деп міндетсінбе”, – дейді дінтанушы Дсоай Кенжетай.

Мектепке қыздардың хиджаб киіп келуіне тыйым салынғанда біраз тақуа ата-ана наразылық білдірген еді. Ал, бетін тұмшалап жүргендерді заңмен шектеуді қарапайым халық қолдайтын сияқты.

Қазақ бұрыннан мұсылман халық. Олар ақ жаулық, жеңсіз көйлек киген, хиджаб дәстүріне сай емес.

– Ата бабамыздан келе жатқан заманда ешқашан қазақтың қызы бетін тұмшаламаған. Қолдаймын өте дұрыс. Балалар да бірдей мектеп формасында ғана болуы керек.

– Негізі салт дәстүрге бағыну керек қой. Біз араб емеспіз, мұсылманбыз. Лайықты болу керек қой.

Дегенмен, бар мәселе киімге салынған шектеумен шешіле салмайтыны да анық. Адамның сенімі жүрегінде дегенді президенттің өзі де айтқан болатын. Ал қара жамылғы киіп, беттерін тұмшалап жүретіндерге тыйым салатын заң жобасы қыркүйекте Парламент пен қоғамның талқысына түспек.

Тағы да оқыңыз:

Ақмола облысында 14 жылдан соң жетімдер үйінен табылған қызы ата-анасымен тұрып жатыр (фото)

Жарыста жаттықтырушысын жер қылған теннисші кешірім сұрады

Оралда адамдарды гипноздап тастайтын ұры ұсталды

Талқылау