Елімізде белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу мәселесі қаралмақ
Конституциялық сот азаматтың өтініші негізінде Қылмыстық кодекстің 50-бабының бірінші бөлігі Ата заңға сәйкес келе ме, әлде оған қайшы ма, соны тексермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өтініш иесі мемлекеттік қызметте істемеген және сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты арнайы лауазымды тұлғалар қатарына жатпайтын адамға белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салуға қатысты мәселе көтерген. Оның пікірінше, мұндай шектеу әділдік қағидатына қайшы келіп, жасалған құқық бұзушылық пен жазаның арақатынасына сай келмеуі мүмкін. Сондай-ақ адамның жеке жағдайын ескермеуі және оның еңбек етуіне, мамандығын еркін таңдауына шектеу қоюы ықтимал.

Конституциялық сот өтінішті қарауға қабылдады. Қарау нәтижесі соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланбақ.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды