Елімізде Әділет министрі қайта тағайындалды
Тоқаев Әділет министрін тағайындады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалсын”, – делінген бұйрықта.
Есқараев 1979 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
- Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Әділет министрлігі заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
- 2000-2005 жылдары Әділет министрлігінде бас маман, Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы, Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы болған.
- 2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы.
- 2006-2007 жылдары – "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ заң қызметі департаментінің бас менеджері.
- 2007-2012 жылдары – Әділет министрлігінде құқықтық мәселелер жөніндегі консультант, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, министрдің көмекшісі, талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.
- 2012-2014 жылдары ҚР ЭҚСЖҚКА инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған.
- 2014-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
- 2019 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды