"Еліміз өзіңмен мақтанады": Тоқаев Геннадийді жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады", - деді президент.
Айта кетсек, бүгін IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қарсыласы Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді. Геннадий 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды
Діни сауаттылық не үшін маңызды: Алматы тұрғындары дін туралы ақпаратты қайдан алады
Дінтанушы Әл-Фараби Болатжанның айтуынша, діни сауатсыздық пен тексерілмеген дереккөздер адамды радикалды көзқарасқа жетелеуі мүмкін