Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізді (видео)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин польшалық Камил Шереметаны жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АҚШ-тың Флорида штатында өткен жекпе-жек нәтижесінде қазақстандық спортшы Геннадий Головкин уақытынан бұрын жеңіске жетті. Польшалық боксшы жекпе-жекті одан әрі жалғастырудан бас тартты. Төрешілер жекпе-жекті 7 раундтан кейін тоқтатуға шешім қабылдады.

Жекпе-жек барысында Головкин қарсыласын 4 рет нокдаунға жіберді.

Бұл қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы 21 жеңісі.  

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 14 ай бойы рингке шықпады. Бір жылдан аса уақытқа созылған үзіліс 19 желтоқсанда американдық Холливудта аяқталды. GGG орта салмақтағы поляк Камил Шереметаға қарсы IBF және IBO титулдарын қорғады.

2018 жылдың қыркүйегінде Канелодан жеңілгеннен кейін Головкин екі жекпе-жек өткізіп, екеуі де жеңіске жетті. Канададан келген Стив Роллс пен украиндық Сергей Деревянченко болған жекпе-жекте мерейі үстем түскен еді. Соңғы жекпе-жекте ол екі бос атаққа ие болды.

31 жастағы Камилдің есебінде 21 жекпе-жектің бірде-бірінде жеңіліс болмаған. Головкин сияқты, ол 2020 жылы жекпе-жек өткізген жоқ. 

Талқылау