Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Ілияс Сариев өзін "қазақтың Робин Гуды" деген лақап атпен концерттер мен тойларды ұйымдастырушы ретінде таныстырады. Instagram парақшасында белсендінің 600 мыңнан астам оқырманы бар.
Ал "Елге көмек" қорының парақшасына шамамен 400 мың адам жазылған. Қор балалар мен қарттар үшін көмек жинау туралы жазбалар жариялап отырған. Алайда қордың ресми тіркеуден өткен-өтпегені белгісіз.
Еске салсақ, бұған дейін “Biz Birgemiz” қорының басшысы Перизат Қайрат аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұсталғаны туралы жазған едік. Тергеу амалдарының нәтижесінде ұрланған қаржының жалпы көлемі 3,5 миллиард теңге болды. Ал Астана соты "Biz Birgemiz" қоғамдық бірлестігін тарату туралы шешім қабылдады.