Елена Рыбакинаның олимпиада ойындарындағы алғашқы қарсыласы анықталды
Әлемнің екінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Париж олимпиадасындағы қарсыласы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің олимпиада ойындарындағы қарсыластары белгілі болды. Рыбакина жекелей сында алғашқы айналымда румыниялық Жаклин Кристианға қарсы өткізсе, Юлия Путинцева украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Ерлер арасындағы жекелей сында Александр Бублик АҚШ елінің өкілі Фриц Тэйлорға қарсы ойнаса, Александр Шевчкенко чехиялық Якуб Меншикпен күш сынасады.
Айта кетейік, Париж олимпиадасындағы теннис турнирі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында "Ролан Гаррос" стадионында өтеді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

