Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінде алғашқы матчын жеңіліспен аяқтады
Фото: КТФ
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында алғашқы ойынында жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Тайлор Фрицпен жұптасып, АҚШ ашық чемпионатында (US Open) микст санатында өнер көрсетті. Алайда олардың алғашқы ойыны сәтсіз аяқталды.
1/8 финалда Рыбакина мен Фриц италиялық жұп Сара Эррани мен Андреа Вавассориге қарсы шығып, екі сетте жеңіліп қалды — 2:4, 2:4. Осылайша қазақстандық спортшы мен оның серіктесі ширек финалға жолдама ала алмады.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Рыбакина мен Фриц бірге өнер көрсетіп, аралас жұптық сайыстағы көрмелік "Эйзенхауэр кубогын" жеңіп алған болатын. Сол жеңістен кейін олар US Open турниріне бірге қатысуға шешім қабылдаған еді. Ал Рыбакинаның әйелдер арасындағы жеке санаттағы алғашқы қарсыласы кейін анықталады.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?

