Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина Францияның ашық біріншілігі "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті. WTA чемпиондық кестесінде екінші орында тұрған отандасымыз нидерландық Аранча Руспен кездесіп, екі сетте 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Енді Рыбакина үшінші кезеңде белгиялық Элисе Мертенске қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, содан кейін денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

