Елена Рыбакина денсаулығына байланысты турнирге қатысудан бас тартты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Sports.kz
Championat.com сайтының хабарлауынша, қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
Елена Рыбакина бүгін ширек финалда әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуге тиіс еді. Бірақ отандасымыз кортқа шықан жоқ.
Осылайша, италиялық спортшы еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның 2 айда 5 рет WTA турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

