Елена Рыбакина бастаған теннисшілеріміз Париж олимпиадасында өнер көрсетеді
Теннистен Париж олимпиадасында сынға түсетін Қазақстан құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париждегі XXXIII жазғы олимпиада ойындарына қатысатын еліміздің теннис құрамасы анықталды. Елена Рыбакина бастаған теннисшілер төртжылдықтың басты додасында сынға түсіп, олимпиада чемпионы атағы үшін таласады. Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко жекелей сында ел намысын қорғаса, Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Токио олимпиадасында Елена Рыбакина жартылай финалға дейін жетіп, жарысты 4-орынмен аяқтаған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

